E-mail:
Пароль:
    Забыл пароль | Регистрация
Главная » 2014 » Март » 22 » Уефа чемпиондар лигасының жеребесі тартылды
07:55
Уефа чемпиондар лигасының жеребесі тартылды

Уефа чемпиондар лигасындағы қарсыластарға тоқтала кетсек

Барселона vs Атлетико Мадрид

Бұл Уефаның ширек финалының қызығын көрсететін матч болмақ.Бұл командала ЧЛ-да бір-ретте кездесіп көрмеген.Оның есесіне Испания чемпионатында жылда кездесіп жүрген командалар.Бұл жұпта нақты фаворит деп бір команданы айту қиын.Бірақ сондада Барса жігіттері Атлетикоға қарағанда басымдау.Ойыншылары тәжиірбелі.Бірақта Диего Бастап Вилья қостаған команданың қолынан барлығы келеді.Оларда жеңістен үмітті.Ал барса жігіттері шабуыл шебінде Неймар,Санчес,Месси секілді саңлақтарға үміт артады.Бұл матчты асыға күтетін боламыз

«Реал» (Испания) – «Боруссия Д» (Германия)

Мадридтік клуб пен дортмундтық ұжымның Чемпиондар Лигасында үшінші жыл қатарынан жолдары түйісіп отыр. 2011/2012 жылғы маусымда бір топта бақ сынаған болса, 2012/2013 жылғы маусымдағы жартылай финалда «Боруссия д» «корольдік клубты» финалға жібермеген еді. Өз алаңында 4:1 есебімен жеңген болатын. Левандовскийдің покер жасаған кездесуін жанкүйер қауым әлі ұмыта қойған да жоқ шығар. Ал «Реал» өз алаңында 2:0 есебімен жеңуге ғана шамалары жеткен-ді. Дегенмен бұл маусымда Юрген Клопп командасының ойыны ала-құла жүруде. Бірде жеңсе, бірде жеңіліп келеді. Дәл өткен маусымдағыдай бабында деп айту қиын. Ал есесіне Карло Анчелотти командасына есе қайтарудың тамаша мүмкіндігі келіп тұрғандай. Десе де неміс ұжымы былтыр да бұл кездесудегі аутсайдер саналған-ды. Алғашқы кездесу 1 сәуір күні өтсе, шешуші ойын 9 сәуірде Германияда өтеді.

«ПСЖ» (Франция) – «Челси» (Англия)

Екі клуб 2004 жылы Чемпиондар Лигасының бір тобында өнер көрсеткен. Париждік команда өз алаңында 0:3 есебімен ойсырай ұтылса, «Стэмфорд Бридждегі» ойында есеп ашылмаған. Ал соңғы кездесулері де 1:1 есебімен тең аяқталыпты. 2012 жылы халықаралық Чемпиондар Кубогында ойнаған ұжымдар қатарынан Нене мен Пязон көзге түскен екен. Десе де бұрынғы «ПСЖ» құрамымен қазіргі «ПСЖ» құрамын салыстыруға келмейді. Әсіресе, Лоран Блан командасы осы маусымда бабында екенін байқатып келеді. Сонымен қатар, клуб басшылығы команда Чемпиондар Лигасын жеңетін болса, әр футболшыға 1 миллион еуро ұсынуға даяр екенін де мәлімдеді. Ал «Челси» ше? Жозенің жаңа жүйедегі ойыны орын алмаса, француздық клубты айналып өту қиын секілді. Десе де шешуші кездесу Лондонда өтетіндіктен «ақсүйектердің» ойынға психологиялық тұрғыдан дайындығы мығым болары анық. Алғашқы кездесу 2 сәуір күні өтсе, қарымта кездесу 8 сәуір күні өтеді. Төрешілер қателікке бой алдырып, ойын шырқын бұзбаса, нағыз тартысты кездесу болғалы тұр.

«Манчестер Юнайтед» (Англия) – «Бавария» (Германия)

Тарихқа көз жүгіртер болсақ, екі клуб арасында талай тартысты кездесулер өткен. 1998 жылы бір топта бақ сынап, екі кездесу де тең аяқталған. Ал 1999 жылғы финалды футболсүйер қауым жақсы білетін де шығар. Соңғы минутқа дейін жеңіп келе жатқан мюнхендік клуб ойын аяқталуға небәрі санаулы минуттар қалғанда өз қақпаларына екі доп жіберіп алып, жеңіліп қалған болатын. Одан кейін өткен 5 кездесудің екеуінде «Бавария» жеңсе, 3 ойын тең аяқталған. Ал дәл осындай ширек финалдағы қос клубтың жолы 2010 жылы түйіскен. Неміс командасы өз алаңында 2:1 есебімен жеңіске жетіп, сырт алаңда 2:3 нәтижесімен ұтылып қалған. Дегенмен түзде соғылған голдардың арқасында келесі кезеңге өткен болатын. Сол жылы ақтық сынға дейін жеткен «Баварияны» миландық «Интер» жеңіп кеткен еді. Десе де соңғы жылдардағы «Бавария» ойыны бағасын футболсүйер қауым жақсы біледі. Әлемдегі азулы клубтардың біріне айналды. Пеп Гвардиола команданы жаңа бір деңгейге көтеріп келеді. Өткен жылы футболшы арманыныдағы барлық белестерді бағындырды. Сондықтан да бұл кездесудің сөзсіз фавориті саналуда. Ал бұл маусымда Дэвид Мойес тізгінін ұстаған манкуниандық клубтың көрсеткіші нашар. Ең соңғы жүлде жолындағы үміті де осы  - Чемпиондар Лигасы. Гректің «Олимпиакосын» оңай айналып өте алмады. «Баварияның» өз алаңында ағылшындық клубтарға сәтсіз ойнайтыны қайталанып, ғайыптан тайып «қызыл сойқандар» жеңіске жетіп жатпаса, команданы келесі кезеңге өтеді деп айту қиындау. Алғашқы кездесу 2 сәуір күні, қарымта кездесу 9 сәуір күні өтеді.

Категория: Уефа Чемпиондар лигасының жаңалықтары | Просмотров: 679 | Добавил: Admin | Теги: Жеребе, Чл | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: